Құрметті әріптестер!
Баршаңызды ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының тағылымды мұрасын ұлықтайтын Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Абайдың асыл мұрасы – халқымызды білімге, еңбекке, адамгершілікке және үнемі ізденіп, өзін жетілдіруге үндейтін рухани қазына. «Ғылым таппай мақтанба» деп білім мен ізденістің маңызын айтқан Абай үшін адамның кемелденуі – өмір бойы жалғасатын жол. Оның «Толық адам» туралы тағылымы да осыны меңзейді: адам өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, білімін арттырып, еңбегімен елге пайдасын тигізгенде ғана шынайы биіктікке жетеді.
Абайдың өнегелі ойларын өміріміз бен еңбегімізге арқау етіп, ұжымымыздағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайта берейік.
Абай күні құтты болсын!